Майский район

Меню

Страницы

Статья

Көлікті Kaspi.kz қосымшасы арқылы қайта тіркеуге болады

Бұрын автокөлікті тек мамандандырылған ХҚО-да немесе eGov.kz порталында тіркеуге болатын. Енді мемлекеттік қызмет Kaspi.kz қосымшасында онлайн қолжетімді. Көлікті тіркеу мүмкіндігі болашақта басқа мобильді қосымшаларда пайда болады.
             Енді сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарғанда, сервис көлік құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектеріне автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, автокөлікті есепке қояды және мемлекеттік нөмір белгісін онлайн таңдайды.
Жаңа сервисті пайдалана отырып, автокөлікті сатып алушы мен сатушы мемлекеттік органдарға жүгінбей, бұл процедурадан өз бетінше өте алады. Тек ескі құжат мен нөмірлерді Мамандандырылған ХҚО-ға тапсыру қажет болады.
            Павлодар облысында алғашқылардың бірі болып қызметке екібастұздық Ерсін Әкімбеков тапсырыс берген. Жалпы бір аптаның ішінде жаңа сервистi Ертіс өңірінің 30 тұрғыны пайдаланып үлгерді.

Дата публикации
29 января 2021
Дата обновления
29 января 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы