Майский район

Меню

Страницы

Статья

ҮЙДЕГІ ГАЗБЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

Қазіргі кезде тұрғын үйлердің бәрінде газ бар. Пәтерлерде электрлік және газдық плиталар орналасқан. Оған қоса, үйлердің іші-сырты көптеген өртенбейтін құрылыс материалдарымен қапталып жатады. Осындай кезде көптеген адамдар өрт қауіпсіздігі туралы аса ойланбайды. Ал егер өрт шықса, ол түзелмейтін зардап әкелуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз жөн. Осыған орай, төтенше жағдай қызметі тұрғындарға пеш, электр шәйнегі, теледидар, тоңазытқыш сияқты құрылғыларды электр жүйесінен уақытында ажыратып отыру қажеттігін және газ құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін еске салады.

Егерде Сіз үйде газдың иісін сезсеңіз, келесі қадамдар жасауға кеңес береміз:

  • Газды сөндіріңіз;
  • Бөлменің ауасын тазартыңыз;
  • Апаттық қызметті шақыртыңыз (газға толы бөлмеден емес, басқа жерден хабарласқан абзал);
  • Сіріңке жақпаңыз, ешқандай электр құрылғыларын жандырып, сөндірмеңіз. Газдың шыққан жерін сабын көпіршігімен анықтауға болады.

Келесі іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады:

  • Көпқабатты үйлерде өз білгенімен газ баллондарын орнатуға және пайдалануға;
  • Ақауы бар газ құралдарын пайдалануға;
  • Газ құралдарының шүмегін ашық қалдыруға;
  • Газ құралдарына 20 см жақын жерде асханалық жиһаз бен жанатын заттарды орналастыруға;
  • Газ арматураларының бөлшектерін от шығатын құралдармен қосуға;
  • Толық газ баллондарымен жөндеу жүргізуге;
  • Балаларға қолжетімді жерде газ құралдарын ашық және қараусыз қалдыруға;
  • Химиялық-тұрмыстық құралдар мен басқа да өртке қауіпті заттарды электр және газ плиталарында жылытуға;
  • Ғимаратты жылыту үшін газ құралдарын пайдалануға;
  • От жанып тұрғанда байланыс бітеулерін тексеруге.

Үй иелері мен пәтерді жалға алушылар үнемі ұмытып кетудің кесірінен үлкен қайғыға душар болып жатады. Сондықтан аудан тұрғындарын теледидар, электр шәйнек және басқа да электржылытқыш құралдарын уақытында сөндіріп отыруды сұраймын. Оларды ешқашан қараусыз қалдыруға болмайды. Егер электр құралдарында, газ плиталарында ақау пайда болса, өз білгеніңмен істемей, электр желісі мен газ маманына жүгінген абзал. Қымбатты мағжандықтар «От – ол тілсіз жау» екенін ұмытпаған жөн.

Дата публикации
28 января 2021
Дата обновления
28 января 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы