
Май аудандық сотымен, ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 1 бөлігі бойынша жүргізуші Т-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.
2020 жылы 21-ші желтоқсан күні сағат 14:35 шамасында азамат Т. «Газ-330200» маркалы автокөлікті Май ауданы Көктөбе ауылында қасында отырған өрта дәрежедегі, уытқұмарлық масаң күйде болған А-деген азаматқа басқаруға берген.
Сот отырысында құқықбұзушы Т өз кінәсін толық мойындады және істеген ісіне өкінетінің айтты.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Т. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 15 (оң бес) тәулікке қамаққа алу және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.