
Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі «Сот шешімімен Май ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 2/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (10.12.2020 ж. – 28.12.2020 ж.) орналастырылды.