Майский район

Меню

Страницы

Статья

Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз

 

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз.
📌Әрине, ең алдымен ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
📌Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
📌ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
📎Жеке куәлік;
📎Балалардың туу туралы куәліктері;
📎Отбасы асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік;
📎Егер жоғары оқу орнында оқитын балалар бар болса, оқу орнынан анықтама;
📎Әлеуметтік төлемдер түсуі үшін банк есепшоты жайлы құжат;
⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 8 жұмыс күні.
❗️Есіңізде болсын!
✔️Бұл әлеуметтік төлем жоғарғы оқу орнында оқитын балалар 23 жасқа толғанға дейін, оқу орнынан жыл сайын анықтама ұсынылған кезде ғана төленеді.
✔️Ал жоғары оқу орнына түспеген балалар үшін төлем 18 жаста тоқтатылады.

💰Әлеуметтік төлем мөлшері отбасындағы бала саны, балалардың тұл жетім қалуларына байланысты және қайтыс болған адамның мәртебесіне (ҰОС ардагері, әскери қызметкер) қарай анықталады☝️

Дата публикации
21 января 2021
Дата обновления
21 января 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы