
Қазан селолық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі «Май ауданы Қазан ауылдық округінде орналасқан «№ 3 Бригада» аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасы (бұдан әрі- шешімі жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-14/524 ұсынымы негізінде әзірленді.
Шешім жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (14.01.2021 ж. – 28.01.2021 ж.) орналастырылды.