Майский район

Меню

Страницы

Статья

"Алтын" алқа", "Күміс алқа" , "Батыр ана", "Ана даңқы" атағын алған аналарға жәрдемақы тағайындау

Егер сіз "Алтын" алқа", "Күміс алқа" , "Батыр ана", "Ана даңқы" атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.
📍ХҚО арқылы:
📌Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
📌Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
📌ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
📎Жеке куәлік;
📎Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
📎Банктік есепшот жайлы анықтама;

📍SMS хат арқылы:
Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, "Алтын" немесе "Күміс" алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
☝️Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

💰Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.

☝️Есіңізде болсын!
✔️Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
✔️ "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.

Дата публикации
21 декабря 2020
Дата обновления
21 декабря 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы