
Мұз қауіпті Қыс мезгілінде аяз салдарынан су көздеріне жұқа мұз қата бастайтындығы белгілі. Ал жұқа мұз адам аяғымен немесе техника салмағынан ойылып түсуі ықтимал. Иә, кешкі немесе түнгі аязда мұз біршама қатып, белгілі бір деңгейде салмақты көтеруі де ықтимал. Ал күндіз бойынан еріп аққан су тамшыларынан мұз жұқара түседі. Дегенмен өкініштісі сол, жыл сайын мұндай жағдайда адамдар өміріне қауіп төндіруі ықтимал жағдайлардың өзінде қауіпсіздікті естен шығарып жатады. Осыған байланысты Май ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және № 19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері көлдерде қысқы кезеңдегі жұқа мұздан төнетін қауіптің алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.