Майский район

Меню

Страницы

Статья

Шетелдіктерге Қазақстанда еңбек етуге рұқсат алу

Қайырлы күн, оқырман!
Біз бүгін #oqy&toqy айдарында шетелдіктерге Қазақстанда еңбек етуге рұқсат алу үшін не істеу керектігін айтып бермекпіз. Ол үшін шетел азаматтары:
📌Ең алдымен өзі уақытша тіркелген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап, белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келуі керек;
📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы еңбек етуге рұқсат алуы тиіс:
☝️Егер бірінші рет рұқсат алып тұрған болса👇
📎Өтініш пен рұқсат бергені туралы қабылдаушы жақтың сауалнамасы
📎Қызмет ақысы төленгені туралы түбіртек
📎Жеке басты куәландыратын құжат
📎Саусақ іздері мен суретке түсу процесінен өткені туралы құжаттың түпнұсқасы
📎Медициналық сақтандыру құжаты
📎 086 үлгісіндегі медициналық анықтама

☝️Егер бұрын рұқсат алынған болса, саусақ іздері құжаты мен медициналық анықтаманы ұсыну керек емес. Бірақ қабылдаушы тараптың типтік келісімшарты қажет болады 👈

💰Қызмет кұны:
1️⃣ айға – 2 АЕК (5 556 тг)
2️⃣ айға – 4 АЕК (11 112 тг)
3️⃣ айға – 6 АЕК (16 668 тг)

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 1 жұмыс күні

☝️Есіңізде болсын!
✔️Қазақстанға келе сала қабылдаушы жақ, шетелдіктің келгеніңіз туралы 3 күн ішінде көші-қон полициясына ескерту жасауы керек. Ескерту болмаған жағдайда ХҚО құжат қабылдамайды.
✔️Шетелдік азамат ХҚО-ға қабылдаушы жақпен бірге бару керек.
✔️Қызмет ақысын төлеу үшін шетел азаматының ЖСН-і болуы керек. Ол болмаған жағдайда, оны да ХҚО арқылы алдын ала рәсімдейді.

❗️Ескерту, ХҚО арқылы тек Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің азаматтары ғана құжат тапсыра алады. Қазақстанға келгендігі туралы ақпарат түскен соң, Әзірбайжан мен Өзбекстан азаматтары рұқсатты 30 күн ішінде, Тәжікстан азаматтары 90 күн ішінде рәсімдеулері қажет.

 

Дата публикации
21 декабря 2020
Дата обновления
21 декабря 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы