
«ATLAS & Co» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ «ЖЕР ТЕЛІМІНЕ ҚАУЫМДЫҚ СЕРВИТУТ БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫНЫҢ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Май ауданы әкімдігінің «ATLAS & Co» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды және геологиялық жұмыстар жүргізу үшін жалпы алаңы 650,0 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулының жобасы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес.
Көрсетілген қаулының жобасын қабылдаудың мақсаты пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды және геологиялық жұмыстар жүргізу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу.
Қаулының жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдарды туындатпайды.
Қаулының жобасы Май ауданы әкімдігінің сайтында жарияланған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/article/details/32539?lang=kk