
Павлодар облысы Май аудандық сотымен азамат М-ға қатысты ҚР ҚК-ң 296 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралған. (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау).
Сотпен анықталғаны: Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек селолық округінің «Кіші-жарқын» мал жайылымында азамат М., анаша және қарасора есірткі заттарына жататынын біле тұра, аталған мал жайылымында болғанда кезде ешбір сату мақсатынсыз, өзінің жеке қолдануы үшін заңсыз сақтаған. Ол « Қарасора (Cannabis)» түріне жататын есірткі заты, жалпы салмағы 42,25 грамм, сонымен қатар «кептірілген анаша» жалпы салмағы 23,19 грамм.
14 қазан 2020 жылы азамат М. Май аудандық ПБ-ң қызметкерлерімен ұсталған, олар оқиға болған жерді қараған уақытта ерекше иісі бар, жасыл түстес сұрғылт зат, жасыл түстес сұрғылт заттың таяқшалары алынған.
22 қазан 2020 жылғы № 1263 сот-наркологиялық сараптамасының қортындысына сәйкес, анықталғаны, азамат М-дан алынған және зеріттеуге ұсынылған жасыл түстес сұрғылт зат, жасыл түстес сұрғылт заттың таяқшалары « Қарасора (Cannabis)» түріне жататын есірткі заты, жалпы салмағы 42,25 грамм, сонымен қатар «кептірілген анаша» жалпы салмағы 23,19 грамм болып табылады.
«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына қосымша берілген кестеге сәйкес, алынған есірткі заты аса үлкен емес мөлшерге жатады.
Сотталушы М., сот үкімімен ҚР ҚК-ң 296 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, және оған сексен сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.