
11 қараша 2020 жылы Май аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын және материалдарын дайындау сапасы» тақырыбына онлайн семинар өтті, оған Май аудандық сотының судьясы Г.Хамитова, Аудандық прокуратурасының прокуроры Р.Рахманбергенов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.Ақкезенов және аудандық полиция бөлімінің кызметкерлері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыратын құқығы бар басқа лауазымды тұлғалар қатысты.
Семинар жұмысын судья Гүльзия Хамитова ашып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру және әкімшілік материалдарды қалыптастыру кезінде қазіргі заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттілігін атап өтті және мемлекеттік органдардың атына шығарылған жекеше қаулылар саны мен оларды шығару себептері туралы айтты.
Гүльзия Хамитова өз баяндамасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді толтыру және материалдарды ресімдеу кезінде лауазымды тұлғалар жиі жол беретін бұзушылықтарға, сондай-ақ істерді сотқа жіберу мерзімдерін бұзылуына мемлекеттік органдары өкілдерінің назарын аударды.
Әкімшілік хаттамаларды және істердің материалдарын сапалы толтыру мәселелері талқыланып, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қазіргі заңнаманың нормаларын бірыңғай қолдану жөнніде ұсыныстар әзірленді.
Бұдан бөлек, семинарға қатысушылардын назарларына электрондық құжат айналымын дамыту және әкімшілік істерді «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы жіберу, олардың санын арттыру қажеттілігі туралы ақпарат берілді.