
Май аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Даурен Сағымбаевтың және сот қызметкерлерінің қатысуымен сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың қауіптерін алдын алу және жою мәселелері бойынша семинар үстел өткізілді.
Спикер өз сөзінде, сот қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекет жасауына тосқауылдар қойылғандығы, яғни соттарда ақпараттық технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетуге, азаматтардың сотқа жүгіну мүмкіндігін кеңейтуге, бюрократиялық тосқауылды төмендетуге және процесстік емес байланыстарды болдырмауды. Бұған қоса, сотқа берілген талап арыздардың барлығы «Сот кабинеті» сервисі арқылы жөнелтілетіндігің, сот кеңсесіне келіп түскен талап арыздар, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер «Төрелік» бағдарламасы арқылы судьялардың қарауына автоматты түрде бөлінеді. Істердің бөлінуіне сот төрағасы, не кеңсе мамандары араласпайды. Осы істердің барлығы да дыбыс-бейнежазба арқылы қаралып отыр.
SMS- хабарламалар арқылы қатысушыларды электронды түрде хабардар ету, процесске қатысушыларды алдағы сот отырыстары туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
06.10.2020 жылғы №365-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы егжей-тегжейлі зерделенді.
Іс-шара соңында Даурен Сағымбаев қатысушыларға әдеп кодексінің нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жою және жол бермеу бойынша жұмысты күшейтуге тілек білдірді.