Майский район

Меню

Страницы

Статья

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА (ХҚКО) МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН QR-ТӨЛЕМІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Енді ХҚКО мемлекеттік қызметтерді Homebank қосымшасында QR-код арқылы төлеуге болады. mVisa технологиясы негізінде QR-кодты және мобильдік QR-төлемдерді қолданатын жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ пен Halyk Bank бірлесіп жүзеге асырды.
​Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде азаматтар мемлекеттік қызметтердің ақысын дәл осы жерде Homebank қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, әп-сәтте әрі қауіпсіз төлей алады.
Мемлекеттік қызметтердің ақысын төлеудің осы тәсілін пайдалану үшін:

➢ ХҚКО менеджеріне қызметке тапсырыс беру қажет, ол бір минуттың ішінде өтінімді және төлем үшін QR-кодты құрайды. QR-код әр клиент үшін әрбір қызметі бойынша жеке құрылады.
➢ смартфоныңыздағы Homebank қосымшасын пайдалана отырып, QR-код таңбасын қосу қажет;
➢ сізге қызмет көрсетіп отырған менеджердің мониторында жасақталған QR-кодты сканерден өткізіп, әп-сәтте төлем жүргізу қажет.

Бұл қызметті сондай-ақ QR-төлем функциясы орнатылған басқа банктік қосымшаларды және Қазақстанның ұялы операторлары қосымшаларын пайдаланушылар да қолдана алады.
Қазіргі уақытта ХҚКО-да мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігінің, оның ішінде әділет органдарынан, басқа мемлекеттік органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нотариустарынан шығатын құжаттарға апостиль қоюдың, некеге тұру туралы анықтаманы алудың, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға қайта куәлік алуға, азаматтық хәл актілері жазбаларын жоюға өтінім берудің және басқалардың ақысын төлеуге болады.

Дата публикации
06 ноября 2020
Дата обновления
06 ноября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы