
Май аудандық сотымен азамат С-қа қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабы 2 бөлігі. бойынша әкімшілік іс қаралды.
Істің мән-жайы: 2020 жылы 11-ші тамызында Павлодар обылыс Май аудандық сотының қаулысымен азамат С ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3 бөлігі бойынша көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тауып оған 5 тәулікке қамаққа алу жазасы және келешекте ішімдікті ішпеу, ішімдік сатылып ішілетін орындарға баруына тиым салынуы бойынша ішкі істер бөлімінің өтініші бойынша алты ай мерзіміне дейін ерекше талап орнату жайлы қаулы шығарылған. Ол қаулы 2020 жылдың 22-ші тамызында заң күшіне еңді. Осы талаптарды орындаудан бас тарта отыра, азамат С., 2020 жылдың 28-ші қазанында Май ауданы Май ауылы Баймуратов көшесінде қоғамдық орынында ішімдік ішіп отырғаны аңықталды. Яғни ол, 11 тамыз 2020 жылы Май аудандық сотының қаулысымен оның тәртібіне және алкоголдық ішімдіктерін ішуіне тиым салынып ерекше талаптар орнатылған.
Сот отырысында құқықбұзушы С өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне қатты өкінді.