
Май аудандық сотында азамат С-қа қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 440 бабы 3 бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қаралды.
Азамат С жыл бойы екі рет қоғамдық орынында ішімдік ішкені үшін және қоғамдық орнында көрінгені үшін әкімшілік жазаға тартыла отыра, жаңадан 2020 жылдың 29-ші қазан күні ішімдік ішіп қоғамдық орнында көрніп адамдық қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын күйінде болған.
Сот отырысында құқықбұзушы С өзінің кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен құқықбұзушы С ҚР ӘҚБтК-ң 440 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оған 2 тәулік мерзімінде әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.