Майский район

Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
🔑ХҚО арқылы:
📌ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
📌Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

🔑Мобильді топты шақырту арқылы:
📌"1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

🔑Сізге қажетті құжаттар:
📍Жеке басыңыздың куәлігі;
📍Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
📍Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
📍Мүгедектігі жайлы куәлік;
📍Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
📍Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

🔑Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

🔑Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

☝️Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.

Дата публикации
20 октября 2020
Дата обновления
20 октября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы