
Май аудандық сотымен азамат Ш-ға қатысты ӘҚБтК-ң 73 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды. (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)
Іс құжаттарынан: 14 тамыз 2020 жылы 11 сағат 50 минуттер шамасында азамат Ш., өзінің танысы Ш.Т. Май ауданы Көктөбе ауылы Толе би көшесі орналасқан үйінің ауласына келіп, себепсіз жанжал шығарған және Ш.Т.-ң кәмелет жасқа толмаған қызын балағаттаған, осы әрекетімен жеке үйде тұрғындардың мазасын алған. Құқықбұзушы Ш.-ң әрекеті ӘҚБтК-ң 73 бабы 1 бөлігі бойынша сараланған.
Әкімшілік іс құжаттарын зерделеп, сот өзінің 15 қазан 2020 жылғы қаулысымен ҚР ӘҚБтК-ң 741, 821 баптарының негізінде Ш-ң іс әрекетінде ҚР ӘҚБтК-ң 73 бабы 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты іс өндірістен қысқартылған.
ҚР ӘҚБтК-ң 8 бабы 2 бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сот, органдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Заң бұзылғаны анықталған жағдайда, судья сәйкес органға кемшіліктерді жою туралы жеке қаулы шығарады. Заңның нақты талаптары Қазақстан Респбуликасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 829-19 баптарында көрсетілген.
Ескертпеде Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.
Іс құжаттарынан, сонымен қатар сот отырысында анықталғаны, жәбірленуші Ш.А. құқық бұзушы Ш-мен отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұрмайды.
Сонымен, құқық бұзушы Ш-ң кінәсі отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша құқыққа қарсы әрекет жасағаны анықталмады, және іс құжаттарымен дәлелденбейді. Осыған байланысты іс бойынша өндіріс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылған.
Осының негізінде, ҚР ӘҚБтК-ң 829-19 бабына сәйкес іс бойынша жеке қаулы шығарылды, және Павлодар облысы Полиция Департаментіне аталған кемшіліктердің алдын алу мақсатында жолданды.