
Май аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 1б. (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын түрде ұрлау) айыпталушы М-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс бойынша: 09 қыркүйек 2020 жылы азамат М. Май ауданы Баскөл ауылының Бозша бөлімшесінде орналасқан азамат Б-тың ауласына еркін түрде кіріп, онда орналасқан гараждын ішінде чемоданда жатқан «Makita» атты шуруповерт затың көріп қалып жалпы қүні 35 000 теңге көлемінде тұратын мүлігін ұрлап алған. Ұрлықтын салдарынан азамат Б-қа 35 000 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.
Сот отырысы барысында, айыпталушы мен жәбірленуші татуласып, келтірілген залал өтелгенін, наразылығы жоқ екені және сол жөнінде тараптардың кәсіби емес медиатор А.Қуандыковтың қатысуымен медиация тәртібі арқылы бітімгершілік келісімге келгендері жөнінде бітімгершілік келісімі түсті.
Сот қаулысымен сотталушы М қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68- бабының 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен татуласуына байланысты және медиация тәртібімен, қылмыстық істі қысқартты.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.