Майский район

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген түзетулер туралы

2020 жылғы 10 маусымда Қазақстан Респбуликасының Азаматтық Процесстік Кодексіне келесі өзгерістер  енгізілген. Атап айтқанда сот процесін оңтайландыру және тараптардын процестік шығындарын қысқарту, жалпы азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту, процесті ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін пайдалануы көрсетілген.

       Аталған Заң судьяға істің мән-жайлары, тараптар ұсынған дәлелдемелер бойынша өзінің құқықтық ұстанымын білдіруіне, сот тапсырмасын беруіне, істердің жекелеген санаттары бойынша адвокатты тағайындауына мүмкіндік береді. Егер бұрын судьялар бейтараптық қағиданы басшылыққа алса, енді соттың процестік белсенділігі күшейе түсетін болады. Сот істің, оның ішінде дәлелдемелерді жинаудың мән-жайын өз бетінше анықтауға, сондай-ақ тараптармен бірге олардың ұстанымдары мен дәлелдерін талқылауға құқылы.

      Енгізілген жаңашылдықтар сот процесіне қатысушылардың бәріне істі талқылауға белсене араласуына, істерді қарау барысында қалыптасқан мінез-құлықтың сірескен тәртібін өзгертуге мүмкіндік береді. 

      Заңға енгізілген өзгерістерде татуластыру рәсімдеріне қатысты мәселелерге де назар аударылды. Түзетулердің электрондық жеңілдетілген іс жүргізуге (жазбаша және бұйрықтық) толық көшуді қамтамасыз етуге бағытталғаны, электрондық форматта мәлімделген талапты шешуге мүмкіндік болып отырған кезде істерді қағаз форматта қайталап жүргізуді болдырмау қажеттілігі туралы атап айтылған.

      Сондай-ақ «электрондық хаттама» ұғымын енгізу, БКБ қаражатын пайдалану арқылы процеске қашықтан қатысуды кеңейту, өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу, «кеңесу бөлмесі» ұғымын енгізу және кеңес құпиясын жарияламау туралы да сөз болды.

     Азаматтық сот ісін жүргізу уақыт талабына сай өзгеріп келеді. Қазіргі таңда сот процесін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдері пайдаланылуда.

      Соттың азаматтық процестегі рөлінің моделін жаңарту туралы да айтылды. Енді судья істің мән-жайы бойынша өзінің ұстанымын білдіріп, қажет болған жағдайда дәлелдемелерді талап етіп алдыра алады. Мұндай ұстаным озық халықаралық практикаға сәйкес келеді. Өйткені шет елдерде әділ әрі заңды сот шешімін шығару сот төрелігінің негізгі міндеті болып табылады. Сондай-ақ, сот күрделі емес мәселелерді тараптарды шақырмай-ақ қарай алады. Сонымен қатар, сот енді азаматтарды татуластыру рәсімінен өтуге ынталандыратын болады. Бұл үшін талап қою мерзімі 10 жұмыс күніне дейін ұзартылады.  

Дата публикации
15 сентября 2020
Дата обновления
15 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы