
Май аудандық сотымен қаруды заңсыз алып және сақтағаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 482 б. 1 б.) Май ауданының бір селосының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасынан, Май ауданының Көктөбе ауылының Өзен көшесінде азамат К-ң атуға жарамды атыс қаруы санатына жататын үш өқ полиция қызметкерлерімен Павлодар облысы Май ауданының ІІБ-де тіркелмеген, табылып, тәлкіленді.
Сот отырысында азамат К. өз кінәсін толық мойындап, жасағанына өкінді.
2020 жылғы 01-ші қыркүйектегі №171 сараптама қортындысы бойынша азамат К-ң тәлкіленіп алынған үш өқ атуға жарамды атыс қару санатына жататын 20-ші калибрлі өқтар деп және ішкі істер органдарында тіркелмеген деп аңықталды.
Әкімшілік жаза тағайындау кезінде, сот құқықбұзушы К-ң жасаған әкімшілік бұзушылықтың ауырлығын, кінәні мойындауын, өкінуін ескеріп, ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігінің санкциясымен көзделген қару саннатына жататын үш өқты тәркілеумен, және 38 892 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.