
Май аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 1б. (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын түрде ұрлау) айыпталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс бойынша: 2020 жылы 21 шілдеде азамат К. Май ауданы Көктөбе ауылының Қазбек би көшесінде орналасқан азаматша Ш-нің ауласына заңсыз түрде кіріп оннаң жасырын түрде фляг таситын екі аяқты арбаны жалпы қүні 18 000 теңге көлемінде тұратын мүлігін ұрлап алған. Ұрлықтын салдарынан азаматша Ш-ға 18 000 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.
Сот отырысы барысында, айыпталушы мен жәбірленуші татуласып, келтірілген залал өтелгенін, наразылығы жоқ екені және сол жөнінде тараптардың кәсіби емес медиатор А.Қуандыковтың қатысуымен медиация тәртібі арқылы бітімгершілік келісімге келгендері жөнінде бітімгершілік келісімі түсті.
Сот қаулысымен сотталушы К қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68- бабының 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен татуласуына байланысты және медиация тәртібімен, қылмыстық істі қысқартты.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.