
Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 13 қыркүйекке дөп келіп отыр. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «отбасылық» ең танымал ТОП-3 қызмет бойынша ақпаратты ұсынады.
Олар – баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері.
Биылғы жылдың 8 айында Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 6 мыңға жуық туу туралы куәлігі берілген, 8 мыңға жуық жас ана бала туғаны үшін бірретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 100-ден астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалған.
Аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен де тапсырыс беруге болады немесе мобильді азаматтар базасында тіркелгендер проактивті форматта СМС-хабарлама арқылы ала алады.
Айта кетейік, баланың туылуына байланысты проактивті қызмет Қазақстанда 2017 жылдың соңында іске қосылды. Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ сәбидің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс келеді. Электрондық үкіметтің порталы барлық ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады, ал жетіспейтін ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама арқылы сұратылады. Соңғы үш жылда 1500-тен астам павлодарлық отбасы баланың туылуына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.
Жыл басынан бері Қазақстанда 53 мыңнан астам жұп некелерін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркеген.
Айта кету керек, Ертіс өңірінің ХҚО-да қызмет алушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда. Мысалы, алғашқы жеке куәлікті, баланың туу туралы немесе зейнетақы туралы куәлікті алған кезде қызметкерлер сыйлықтар табыстайды. Павлодар облысының ХҚО-ларында алғашқы сыйлықтар, тәттілер мен кәдесыйлар беру осы аптада басталды. Негізгі "міндет" қызмет алушылардың өмірлік маңызды сәттерінде көңіл-күйін көтеру.