
Май аудандық сотымен, ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 1 бөлігі бойынша жүргізуші С-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.
2020 жылы 31 тамызда сағат шамасы 14.30 да, азамат С «Погрузчик ХГМ-300» маркалы автокөлікті Май ауданы Көктөбе ауылында мас күйінде басқарған.
Сот отырысында құқықбұзушы C өз кінәсін толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты.
Сот қаулысымен құқықбұзушы C. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) тәулікке және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік жүргізу құқықынын айыру түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Май аудандық сотының
баспасөз қызметі