Майский район

Меню

Страницы

Статья

Татуластыру рәсімдері бойынша аудандық сотта дөңгелек үстел

Май аудандық соты төрағасының м.а. Р. Курмангалиев кәсіпқой емес медиаторлар Б. Балтабаеваның, Ш. Байбековтың, алқа билер одағының мүшесі Б.Рахитовтың, Май кәсіпкерлер палатасы Филиалының директоры О. Сыздыковтың, Павлодар обылыстық қорғаушылар алқасының адвокаты А.Тортаеваның және обылыстық нотариальдық палатасының жеке нотариусы А. Ускенбаевтың қатысуымен, татуластыру рәсімдері тақырыбына онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізді.
     Осы іс-шара барысында татуластыру рәсімдері мен даударды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді қолдану мәселелері талқыланды.
     Атап өтетін жайт, қаралатын істердің басым бөлігі неке-отбасылық қатынастардан туындайтын даулар, шартты (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзумен және татуластыру рәсімдерінде келісім жасауға мүмкін шарт міндеттемелерінің орындалуымен байланысты даулар құрайды.
     Осындай талаптар бойынша тараптар медиаторға, нотариусқа жүгіне алады, себебі келісім жасау – тараптар үшін маңызды: құпиялылық, өз еркімен орындау, қарым-қатынастарды сақтау сияқты басымдықтарға ие.
     Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушыларына діни мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін қатыстырып, мектеп мекемелерінде татуластыру тәсілдерін белсенді түрде түсіндіру жолымен даулы құқық қатынастарын азайту мүмкіндігі мен татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша бөлек ұсыныстар берілді.
     Алдын алу мақсатында полиция, ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері мен медиатормен бірлесе отыра, аудан тұрғындары арасында отбасылық құндылықтарды дамыту мен отбасыны сақтау мәселелері бойынша түсініктеме беру ұсынылады.

Қайнар: 

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

Дата публикации
04 сентября 2020
Дата обновления
04 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы