Майский район

Меню

Страницы

Статья

МӘМС мәртебесін алу үшін шағын және арна бизнес (ШОБ) қарамағындағы қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар филиалында 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым  төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне  қызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу  үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар  туралы мәліметті жаңарту  қажеттігін еске салады.

     «Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі  маңызды. Сондықтан  кәсіпорындардағы  қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз», – филиал директоры Нұрлан Қасымов деп атап өтті.

       2020 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша ШОБ субъектілерінің 56,5% - ы жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Егер жұмыс беруші деректерді енгізбесе, ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін мына сілтемеге   https://msb.fms.kz/login өтіп, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қою ерек. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосу (Excel-де бір файлмен немесе жолма-жол әр қызметкерге). Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, оларды жаңарту қана керек. Ақпарат ай сайын мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Егер  кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы мәліметті ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы қызметкерге еске салуы керек.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қордың филиалына 8 (718-2) 704123, 704124 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Дата публикации
03 сентября 2020
Дата обновления
03 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы