Майский район

Меню

Страницы

Статья

WWW.INFOKAZAKHSTAN.KZ САЙТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қоғамдық бақылау қызметі әр тұтынушыға санитарлық нормаларды бұзған бизнес өкіліне байланысты портал арқылы шағым түсіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай www.InfoKazakhstan.kz порталы іске қосылды. Портал бизнеске локдауннан кейін кабинеттерді аралап, құжат жинамай-ақ, жұмысты бастауға мүмкіндік береді.

25 тамыздағы жағдай бойынша 20 мыңнан астам павлодарлық кәсіпкер www.InfoKazakhstan.kz порталында тіркелген.

 Әр кәсіпкер жеке электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, 10-15 минут ішінде өтінімді рәсімдеп, ары қарай жұмыс бастауға дайындық актісін алады. Бұл құжат нысан иесінің санитарлық нормаларды сақтайтынын растайды.

Кәсіпкерлік түрлерінің 90 пайызы жұмысты тексерусіз, хабарландыру тәртібінде жаңарта алады.

Егер кәсіп сауда және ойын-сауық орталықтары және ауданы 2000 шаршы метрден асатын дүкендер, азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар, қоймаларға қатысты болса, онда мониторингтік топтың тексеруін өту қажет.

Сайт қолданушыларында жұмыс істеуге рұқсат беретін өтінім дұрыс толтырылмаса, оны кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. 

Сондайа-ақ порталда деректер базаларының жиынтығы мен мемлекеттік органдармен (Мемлекеттік кірістер комитеті, Сатистика комитеті) байланыс арнасы қарастырылған.

Сұрақтар болса 1432 байланыс орталығына қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Павлодар облысында бірыңғай байланыс орталығы - 109 жұмыс істейді.

Мониторингтік топ мүшелері тарапынан барлық ЗАҢСЫЗ әркеттер орын алса, ӨКП директорынын құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарына тел.8/7182/66-03-11, және «Атамекен» ҰКП 1432 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай  @infokazakhstan телеграм-каналы, сондай-ақ сұрақтарға жауап беретін @InfoKazakhstanbot жұмыс істейді.

Дата публикации
26 августа 2020
Дата обновления
26 августа 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы