Майский район

Меню

Страницы

Статья

Бөтен мүлікті талан-таражға салу

Май аудандық сотымен  онлайн режимде Май ауданының тұрғыны азамат К-ға қатысты ҚР ҚК-ң 189 бабы 1 бөлігі бойынша  қылмыстық іс қаралды.  (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)  

          Істің мәнжайы: 16 шілде 2019 жылы азамат К.  «Дулат» ШҚ-ң басшысы К.Д. мен жылқышы ретінде және «Дулат» ШҚ-ң жеке меншігіндегі жылқыларды бағу, жылқы басын сақтауға қатысты толық материалдық жауапкершілік туралы еңбек шартын жасайды. «Дулат» ШҚ-ы қырда «Жамантұз» мал жайылымында орналасқан . 

          02 сәуір 2020 жылы азамат К. «Жамантұз» мал жайылымында жылқышы болып жұмыс істей отырып, ақша қаражаты керек болғандықтан  оған сеніп тапсырған жылқыларды сатпақшы болады. Осыдан кейін, Май ауданы Ақшиман ауылының К. атты  тұрғынына хабарласып, сөз арасында оған үш бас жылқы сатып алуды ұсынады, бір бас жылқыны бұрын алған қарыздың есебіне ал дейді. Қалған екі басты нарық бағасымен сатып бер дейді.  Азамат К оның ұсынысына келісіп, екі бас жылқыны сатып ақшаны жылқышы К.ға береді.   

          Осыдан кейін жылқышы К., Май ауданы Акшиман ауылының К. атты тұрғынына 150 000 теңгеге тағы бір бас жылқы сатады. 

          Осы әрекетімен азамат К. жәбірленуші «Дулат» ШҚ-ң басшысына жалпы соммасы 1 300 000 теңге материалдық залал келтіреді. 

          Сот азамат К-ны ҚР ҚК-ң 189 бабы 1 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, және оған бір жыл алты ай мерзімде бостандығын шектеу жазасын тағайындады, тағайындалған жаза мерзімінде пробациялық бақылау бекітілді. 

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар көзі:

Май аудандық сотының

Баспасөз қызметі

Дата публикации
17 августа 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы