
Май аудандық сотымен, ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 1 бөлігі бойынша жүргізуші Ч-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.
2020 жылы 09 тамызда сағат шамасы 20.00 де, азамат Ч «Nissan Primera» маркалы автокөлікті Май ауданы Көктөбе ауылында мас күйінде басқарған.
Сот отырысында құқықбұзушы Ч өз кінәсін толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Ч ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) тәулікке және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік жүргізу құқықынын айыру түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Май аудандық сотының
баспасөз қызметі