
Өрт маусымының басталуына байланысты, өрт сөндіру бөлімдерінің өрт оқиғасына шығулары бірнеше санға артты. Бұл өсімнің негізгі себебі - құрғақ шөптің, түрлі үй қоқыстарының жануына байланысты.
Өрттің себептері әртүрлі болып келеді. Бірақ өрттің басты себебі - адам факторы. Темекі қалдығын сөндірмей тастауынан, өшірілмей қалған отты бақылаусыз қалдыруынан тұрғын үйлерге, құрылыстар мен ғимараттарға үлкен қауіп төндіреді. Тәжірибе көрсеткендей, құрғақ шөпті жағу кесірінен үйлер, тіпті елді мекендер отқа оранады. Бұл адамдардың табиғатқа деген абайсыздығына, және өрт қауіпсіздік ережелерін ұстанбауына байланысты. Қоршаған ортада орын алған өрттің зияны да ерекше. Біріншіден, ауа ластанса, келесі кезекте өрттің орманды-далалы аумақтарға түсу қаупі артады, мал жайылымын, шабындықты құртады. Биолог ғалымдардың айтуынша, өртенген орманның қалпына келуі үшін кемінде 1 ғасыр керек.
Өрт қаупі бар кезеңде тыйым салынады:
- аулаларда қоқысты, қалдықтарды жағуға. Қажет болған жағдайда, тек темір контейнерлерде (темір бөшкелерде) жағыңыз;
- құрғақ шөптерді бақлаусыз күйде жағуға, қалдықтар мен қоқысты аулада жинақтауға;
- сіріңке мен темекі калдықтарын сөндірілмеген күйде тастамаңыз;
- тұрғын үйлерге келетін көшелерді, жолдарды бөгемеңіз, себебі бұл өрт сөндірушілерге кедергі келтіреді.
Құрметті тұрғындар, құрғақ шөпті, қоқыстарды жағу кезінде мұқият болыңыздар, өрт қауіпсіздік талаптарын ережелерін бұзылуына жол бермеңіздер!