Майский район

Меню

Страницы

Статья

«Контрафакт – біздің жау!»

Қазақстанның тұтыну нарығында, сондай-ақ жалпы әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Адамдардың көпшілігі контрафактінің тигізетін залалын сезбейтіндіктен, сапасыз тауарларды өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, сатып алушы үнемдеу мақсатында әдейі арзан жасанды затты сатып алады.

Қазақстанның тұтыну нарығында сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикасына, ел беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Адал ниетті тұтынушылардың қатысуынсыз контрафактілік өнімдерге қарсы күресте табысқа жету мүмкін емес.

Көптеген адамдар азаматтарды контрафактілік өнімнен қорғаумен мемлекеттік органдар өз ынтасы бойынша айналысады деп ойлайды. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін тауарларға қатысты осылай; ал кез келген жасанды тауарлардың басқа санаттарынан азаматтар қорғалмаған. 

Қазақстандық нарықта танымал әлемдік брендтердің жасанды тауарларының саны көп. Жасанды тауарлар нарыққа әлдеқашан шыққан және бір-бірімен бәсекелес.Компания өзі жеке немесе өзінің өкілі арқылы елдегі мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіне алады және осыдан кейін құқық иеленушінің арызы бойынша ғана құзырлы органдардың бұзушыларға қарсы әрекеттерді жасау құқығы пайда болады.

Контрафакт (ағылшынша counterfeit - жасанды) — зияткерлік құқықты бұзып, қолда бар түпнұсқа негізінде жасалған жаңа өнім.

Контрафакті түрлері:Бөтен немесе оңай шатастырып алуға болатын барынша ұқсас логотипті пайдалану.Мысалы, «Gucci» орнына— «Guchi». Мұндай жағдайда, жасанды тауарды шығарушылар түпнұсқалық атауды пайдаланбағанын, әрі қатардағы сатып алушы аталған логотиптің нақты қандай екені туралы білмейтіндігін және сатып алу кезінде көмескі таныс суретке сүйенетінін тілге тиек ете отырып, контрафакті фактісін жоққа шығару мүмкіндігіне ие болады; тауардың сыртқы түрін, оның дизайнерлік шешімдерін жасау. Бұл әрлеу заттары, жиһаз, киім, қол сағаттары және т.б. секілді заттар үшін өзекті; мультимедиа-өнімдерін, кітаптар мен компьютерлік бағдарламаларды заңсыз пайдалану – авторлық құқықты бұзу, мысалы, «пиратық дискілер» шығару; патенттелген техникалық шешімдерді заңсыз пайдалану.

Дата публикации
03 августа 2020
Дата обновления
03 августа 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы