Майский район

Меню

Страницы

Статья

Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды.

Май ауданының халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және 2024 жылғы 17 маусымда «Құрбан айт» мерекесі барысында жаппай тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының туындауына жол бермеу мақсатында  келесі талаптарды сақтау қажеттігі туралы хабардар ету:

         - Құрбандық шалу үшін жануарларды сатуды және союды ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарында (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес қалалар мен аудандардағы сою пункттері, алаңдар) жүзеге асыру;

        - Мал сою пункттерінде мал сою кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау (сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің болуы), мал сою процесінде пайда болатын қалдықтарды уақтылы шығару;

         - Қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы.

         2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінін бұйрығын орындау мақсатында, қоғамдық тамақтандыру объектілерінде және мешіттерде қайырымдылық ас өткізу барысында:

 - Тамақ дайындау технологиясын сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және олардың қадағалануын растайтын құжаттардың болуы, үйде дайындалған өнімдерді пайдалануды болдырмау, медициналық тексерудің болуы;

         - тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынатын жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптарын сақтау;

        - суық және ыстық сумен және су бұрумен қамтамасыз ету;

        - желдету, ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

        -санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимін, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау.

          Бұдан басқа, тұрғындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жануарларды аулада союға тыйым салу және зооантропоноздық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында сою пункттерінде немесе сою алаңдарында ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қажет.

           

 

 

Басқарма басшысының м.а.       С. Әбілхани

 

Дата публикации
11 июня 2024
Дата обновления
11 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы