
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңы 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Май аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 69 бұйрығын орындау үшін «Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою деп тану туралы» Май аудандық мәслихатының шешімін қабылдау қажет.
Шешімнің жобасы қаржылық шығындарды білдірмейді, сонымен қатар теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.