Майский район

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында бір жылда 2600 -ға жуық заңды тұлғалар тіркелген

1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметке» берілгеніне тура бір жыл толады. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік корпорация 2538 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеді. Барлығы Азаматтарға арналған үкіметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берілген.

             Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу Әділет министрлігінің құзырында қалды.

             Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу тіркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкімет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тіркелген ЖШС саны жоқ.

             Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ең көп қызмет Павлодар  қаласында көрсетілген-1500 ден астам заңды тұлғалар тіркелген. Екінші орында Екібастұз қаласы. Мұнда бір жыл ішінде 700 ге жуық тіркеу жүргізілді. Үшінші орында Ақсу қаласы – заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша 100 ден астам қызмет. Ал басқа аудандарда -238 қызмет көрсетілді.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттік корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» бастамасымен «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң толықтырылды.

Атап айтқанда, Жарғының телнұсқасын беру мерзімі үш жұмыс күнінен бір күнге дейін, бизнесті қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі он жұмыс күнінен беске дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, басшының, қызметтің негізгі түрінің және т. б. өзгеруі сияқты заңды тұлғалардың деректерін өзгертуді автоматтандыру мәселесі пысықталуда

Дата публикации
17 июля 2020
Дата обновления
17 июля 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы