Майский район

Меню

Страницы

Статья

Бруцеллезден сақ болыңыздар!

Бруцеллез – адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын ауру малдан адамға жұғатын жұқпалы инфекциялық ауру.

Адамға бруцеллездің қауіпті қайнар көзі болып  сүт, несеп, төлдеген кезде шығатын су арқылы қоздырушыны бөлетін қойлар, ешкілер, сиырлар және шошқалар болып саналады. Ауру сау адамға бруцеллезді қоздырушысы жануармен тікелей байланыста болған кезде, яғни малды сойған кезде, етті тураған кезде, малға күтім жасаған кезде, немесе жұқпаланған азық-түліктерді: шикі сүтті, пастерленбеген сүттен жасалған ірімшікті  ішіп-жеген кезде жұғады. Бруцеллез адам уақтылы емделмесе, мүгедекке әкелумен қауіпті.

Науқастар мынадай 4 негізігі шағыммен көмекке жүгінеді:

  • буындардың, әсіресе аяқ жақ буындарының, тіпті кейде күшті және азап шегетіндей сырқырап ауруы.
  • Созылмалы субфебрилитет түрінде (38 С дейін) немесе толқын тәрізді бірде жылдам көтеріліп, бірде түсіп дене қызуының артуы.
  • Қарқынды терлеу, кейде түнгі терлеу.
  • Жедел әлсіздік және күш-қуаттың жоғалуы.

    Ауру белгілері анықталған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.

Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда екендігін есте сақтаңыздар!

Дата публикации
12 марта 2024
Дата обновления
12 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы