
«Май ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 07 шілде сағат 1500-де мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын әдісі бойынша жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион өткізеді. Сауда-саттық Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34 (аудан әкімінің ғимараты) мекен жайы бойынша өтеді.
Сауда-саттықта сату үшін ұсынылып отырған жер телімдерінің
тізбесі және олардың құқығы
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционғақатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукционның басталуына 24 сағат қалғанда аяқталады. Аукционғақатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) жер телімінің жалдау құқығын сату жөнінде аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқаларды салыстыру үшін беріледі.
Кепілдік жарна әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша «Май ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік шотына кез келген банк арқылы № 9-бағанындағы жоғарыда көрсетілген тізілім мөлшерінде енгізіледі. БСН 060140010972, KZ360705034633010001, БИК KKMFKZ2A КНП 171.КБЕ 12.
Сауда - саттықтарға қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 36 құрылыс, телефон: 8 (718-38) 91377.
Конкурстың өткізу талаптары: Аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.
Аукционшы, қолайлылық үшін, ағымдағы қадамның бірден екі бөлігінен аспайтын мөлшерге объектінің бағасын дөңгелендіреді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлері болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.
Сауда-саттықта сату үшін ұсынылып отырған жер телімдерінің тізбесі және олардың құқығы.