Майский район

Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары

Май ауданы жерлерінің аумағы 1810654 га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер – 356952 га, аудан әкімінің жер қорында – 1344978 га. 91 шаруа қожалықтарына берілген жер учаскелерінің жалпы көлемі 111903 га құрап отыр, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағында 160373 га жер бар. Мал бағу, шөп шабу үшін 102 жер пайдаланушыға 39551 га көлемінде жер учаскелері берілген.
Заңды тұлғаларға және азаматтарға жер учаскелерін беру жөніндегі өтініштерін алдын- ала қарастыру комиссиясы жер учаскесін беру жөніндегі барлық өтініштерді қарастырады. 2014 жылдың 5 айы ішінде жер учаскесін уақытша, тұрақты жер пайдалануды беру жөніндегі заңды тұлғалардан және азаматтардан 36 жазбаша өтініштер түсті. Оның ішінде Май ауданы әкімінің шешімімен құрылған жер бөлу комиссиясының шешімімен жерді уақытша пайдалану және жер учаскесін тұрақты немесе жеке меншікке беру жөнінде 29 өтініштің қорытындысы шықты.
Үстіміздегі жылдың 5 айы ішіндегі жерге құқық беруді қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 11 қаулы әзірленіп берілді, оның ішінде пайдалану мақсатын өзгертуі жөнінде -3, жер беру жөнінде -8. Көрсетілген мәліметтерден былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл жұмыс 100 % пайызға мәнді көтерілді. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне актімен бірге меншік құқығы берілді, жыл басынан заңды тұлғалар мен азаматтарға уақытша өтеусіз жер пайдалану үшін 8 келісім – шартқа отырғызылды, жер пайдалану төлем ақысынан 758826 теңге түсті.
Аудан бойынша жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Ревизия науқаны басталғаннан жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарынан өз мақсатында пайдаланбайтын немесе жер заңнамаларын бұзумен пайдаланатын жерлердің көлемі нақтылап анықталды. Сонымен қатар 30 азаматтардың және шаруа қожалықтарының жер телімдерін беру туралы аудан әкімінің қаулыларының күші жойылды. Аудан әкімінің жер қорына 41835 га мемлекеттін меншігіне қайтарылды.
2013 жылы аумақтық инспекцияға 5 хат жолданды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбағанына байланысты инспекциямен тексеріс өткізілді және бір жыл ішінде жер телімін пайдалануға кірісу қажеттілігі туралы ескерту жіберілді.
Пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, алып қою және иесіз мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы