
Короновирустың әсерімен жеткізу тізбегінің үзілуіне және ҚР-ның негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағаның айтарлықтай төмендеуіне байланысты "Атамекен" ұлттық палатасы Қазақстандық бизнес үшін жағымсыз салдарды нивелирлеу үшін жедел штаб құру туралы хабарлайды.
Жедел штабтың міндеттері:
бизнес үшін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ахуалдағы ықтимал келеңсіз салдарларды бағалау: импорттық шикізатты, жабдықтарды және жинақтауыштарды сатып алу проблемалары; қаржыға қол жеткізу (айналым қаражаты, валюталық қарыз, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т. б.));
күнделікті негізде бизнестен алынған деректерді жүйелеу және өңдеу;
бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарығы, қолдау шаралары);
бизнес деректерін талдау негізінде ҚР Үкіметі үшін ұсыныстар әзірлеу.
Бизнеспен кері байланыс ҰКП call-орталығы арқылы жолға қойылады (1432 қысқа нөмірі). Сілтеме бойынша қысқа сауалнаманы табуға және негізгі сұрақтарға жауап беруге, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыруға болады.
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның бизнес қауымдастығын туындаған мәселелер бойынша кері байланысты жедел жолға қоюға, ұсыныстармен жүгінуге, сондай-ақ Сіздің бизнесіңіз үшін тәуекелдер мен ықтимал салдарлар туралы хабарлауға шақырады.