
«А» вирусты гепатиті не екенін және ол қалай кауіп төндіретіндігін есімізге түсірейік. «А» вирусты гепатиті –адамның өмірі үшін маңызды мүшесі - бауырды зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Өкінішке орай, осы ауруға барлық жастағы адамдар, әсіресе балалар шалдығу мүмкін. Вирусты гепатитінің таралу көзі науқас адам болып табылады. Гепатитпен сырқаттанған адам сарғыштық пайда болғанға дейін, яғни теріні сары реңк басқанға дейін өте кауіпті болып саналады.
Вирусты гепатитінің қоздырғышы аурудың алғашқы күнінен бастап қан мен несеп құрамында артық мөлшерде болады. Ауруды ластанған тағам азық-түліктері, кір қол, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, күнделікті тұрмыс құралдары арқылы жұқтырып алуға болады. Сарғыштық басу кезеннің алдында аурудың әйгілену белгісі тұмауға ұқсас: дімкәстік,әлсіздік, дене қызуы, жөтел, жоғары тыныс алу жолдарының қабынба белгілері, бұлшықет пен буынның ауырсынуы.
Терінің «сарғыш бояуға» боянуы аурудың басталғанынан 7-12 күн аралығында аз-аздап пайда болады. Алдымен көздің ағы, жұмсақ таңдай, содан кейін кеуде және іш терісі, бұдан кейін бет, қол, аяқ терілері сарғая бастайды.
Кейде гепатит сарғыштық белгілерсіз болып өтуі мүмкін, дегенмен бауырды зақымдау белгілері сол қалпында қалады. Аурудың сыртқа көрінбеген белгілері науқас адамның өзіне және оны қоршаған тұлғаларға қауіп төндіреді. Әлсіздіктің алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап медициналық көмекке жүгінген жөн.
Егер жоспарлы алдын алу екпелері туралы айтатын болсақ, ол балалардың 2 жасынан бастап екі есе 6 ай аралықта тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Бұл балалар арасында «А» вирусты гепатитін жұқтырудан қорғайтын қарапайым, жоғарғыпайызды және қаупсізтәсілі.
Сонымен қатар, тазалық сақтау аса маңызды: тамақтану алдында, дәретханадан кейін, далада серуеннен, ойыннан кейін қол жуу, қайнатылған және бөтелкеленген судықолдану; тағамғапісіріліп, өндеуден өткен азық-түліктерді қабылдау, жеміс-көкөністі тамаққа пайдалану алдында мұқият сабынмен жуу; ыдыс-аяқ пен тұрғын үй бөлмелерін тазалықта ұстау; жеке бас тазалығының жеке құралдарын (орамал, тіс щеткасы, қол орамалын) пайдалану; ашық су қоймаларында текшомылуға арнайы бөлінген орындарда шомылу керек.
Осы қарапайым ережелерді сақтап, дендеріңіз сау болсын!
Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы