
Бруцеллез – адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын ауру малдан адамға жұғатын жұқпалы инфекциялық ауру.
Адамға бруцеллездің қауіпті қайнар көзі болып сүт, несеп, төлдеген кезде шығатын су арқылы қоздырушыны бөлетін қойлар, ешкілер, сиырлар және шошқалар болып саналады. Ауру сау адамға бруцеллезді қоздырушысы жануармен тікелей байланыста болған кезде, яғни малды сойған кезде, етті тураған кезде, малға күтім жасаған кезде, немесе жұқпаланған азық-түліктерді: шикі сүтті, пастерленбеген сүттен жасалған ірімшікті ішіп-жеген кезде жұғады. Бруцеллез адам уақтылы емделмесе, мүгедекке әкелумен қауіпті.
Науқастар мынадай 4 негізігі шағыммен көмекке жүгінеді:
буындардың, әсіресе аяқ жақ буындарының, тіпті кейде күшті және азап шегетіндей сырқырап ауруы.
Созылмалы субфебрилитет түрінде (38 С дейін) немесе толқын тәрізді бірде жылдам көтеріліп, бірде түсіп дене қызуының артуы.
Қарқынды терлеу, кейде түнгі терлеу.
Жедел әлсіздік және күш-қуаттың жоғалуы.
Ауру белгілері анықталған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда екендігін есте сақтаңыздар!
Май аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы