Майский район

Меню

Страницы

Статья

Құтырма ауруының алдың алу

Майаудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басты бағыттарының бірі, ауыл тұрғындардың ең қауіпті аурулардың алдын алу және оған қарсы іс-шаралар ұйымдастыру.

 Құтырма ауруы қалай жұғады – (60%-70%) жағдайларда жұқтыру көзі иттер болып саналады. Құтырудың табиғи ошақтарында қасқыр, түлкі, қарсақ, шиебөрі және т.б. жабайы хайуандар арасында айналымда болып, үй жануарларына тістелу, тырналу, сілекейленуі арқылы жұғады.

Аурудың алғашқы  белгілері, тістелген тыртық орынының ауыруы, қызаруы, ісінуі, жансыздануы байқалады. Қорқыныш, үрейлену сезімдері пайда болады, басының ауыруы тітіркенушілік, тыныс алу  мен жұтынудың қиындауы және дене қызуының кенеттен 38-40 0С дейін  көтерілуімен сипатталады. Қозу кезеңінде су ішерде, суды көргенде немесе оны ойлаған кезде (гидрофобия) жұтқыншақ пен көмекейдің спазмаларымен, одан әрі  ауаның қозғалысынан (аэрофобия), жарық шамның әсеріне (фотофобия), қатты дауыстың, шуылдың әсеріне (акустикофобия)  ұстама пайда болады.

Құтырма ауруының алдың алу, құтырманың алдын алу мақсатында жануарлардан жарақат алып, тістелінген, тырналынған немесе сілекейленген  жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрақты мекен жайы бойынша емдеу мекемелеріне медициналық  көмекке қаралуы қажет. Жануарлардан жарақат алған, тістелген, сілекейленген немесе тырналған жағдайларда  жарақат орыны сабынды таза сумен жуылып, жарақат айналасы йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып, міндетті түрде антирабиялық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде  құтыруға қарсы екпе алу болып саналады.

Егер өзіңізге белгілі  иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда – жануардың денінің саулығын растайтын анықтамабереді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда құтыру ауруына қарсы антирабиялық 6 реттік егу курсы тағайындалады  (0,3,7,14,30,90 күндері).

Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап ұстау қажет, балаларды және өзгелерді күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақырту қажет. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, жергілікті мал дәрігерлеріне көрсетіп, тиісті кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз қажет. Дәрігер тағайындаған вакциналар толығымен және үздіксіз қабылдануы керек.

 

Әрбір өткізіп алған күн сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті екенін ұмытпаңыз!

 

Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқармасы

Дата публикации
27 сентября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы