
Жылы, құрғақ ауа райына аз уақыт қалды. Былтырғы тәжірибе көрсеткендей, осы уақытта құрғақ шөптерді жандыру, көшелерде, елді мекендерде, орман алқаптарындағы, үй маңайындағы қоқыстарды жағу өрт санын күрт өсіреді.
Бұл бау — бақша учаскелерін жинаумен де байланысты (оның салдары ретінде, қоқыспен шөптерді, ауыл шаруашылығындағы сабандарды жағу) және жаппай халықтың табиғатқа шығуынан (тұрғындардың отпен абайсыз болуы және т.б.) жиі ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады.
От ұшқыны айналып орман алқаптары, шаруашылық құрылыстар, тұрғын және тұрғын емес құрылыстарда өрттің пайда болуына әкеледі. Түтіннің ластануынан елді мекендердің тұрғындары зардап шегеді.
Бірқатар осындай өрттерде темекі тартқандар кінәлі болады. Күтпеген мата немесе құрғақ шөпке лақтырылған шылым шегесі, бірнеше секундта «жанып тұрған кілемге» айналады.
Осы кезеңде балалардың отпен теңтектіктері өрт сөндіру қызметкерлеріне көптеген қиындықтар туғызады.
Шөптің өртенуі қаншама қиыншылықтар мен зардабтарға әкелетінін, балалар түсінбейді. Тағы бір «өрт қауіптілігі санаты» - бақбаншылар және жеке сектордың тұрғындары. Жыл сайын көктемде құрғақ шөптерді және жер,бау-бақша алаңдарында жапырақтарды жағу табиғатқа үлкен зиян келтіреді.
Өрт қаупі бар жағдайларды болдырмау үшін Ғабит Мүсірепов ауданының ТЖБ және ӨСБ-16 қызметкерлері отбасыларға арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, көктемгі-жазғы өрт қауіпі кезеңінде ерекше сақтықпен және абай болу керектігін мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 410 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік «Бұзушылық немесе өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін» ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — елу АЕК көлемінде айыппұл салынады, АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2018 жылдан бастап 1 АЕК 2405 теңгені құрайды.
Есіңізде болсын — сіздің қауіпсіздігіңіз және мүлікті өрттен сақтау, бірінші кезекте, өзіңізден байланысты.
Назар аудару: өрт қауіпті кезеңі!
Күн райының жылуы келгеннен кейін тұрғылықты өрт саны өсуде. Өртсөндірушілерді көп жағдайда аландататың орман өрттері мен қалың шөп қурайы. Бақшашылар мен село тұрғындары жаңа маусымға өз учаскелерін дайындауды бастайды. Сол себептен былтырғы қоқыспен кепкен шөптен құтылудың женіл түрі оларды жағып жіберу. Бірақта шөптерді жағу көп жағдайда қайғылы оқиғаға себеп болады. Қалын қуарй шөптің жануы елді мекендерге, тұрғын үйлерге, ауыл шаруашылық құрлыстарына қауіп төндіреді.
Аудан тұрғындарының табиғатта демалу кезінде, әр дайым қауіпсіздік шараларына көніл бөлмейді, қажетті түрде от қолдануда жанған от ошақтарын сөндірмейді. Соның салдары орман өрттерінің болуына себеп болады. От қурай шөппен тез арада үлкен аумақтарға таралып әрі қарай көшеттермен ағаштарға тарайды.
Ауданда орман өрттері көп жағдайда адамдардың сүйіп демалатын орындарында жиі болады.
Табиғи өрттердің таралуы мен олардың тұрғын мекендерге жақындамауын болдырмау үшін қажетті түрде өрт қаупсіздігі ережелерін сақтау. Өрт қауіпті кезенді келесілерге рұқсат етілмейді:
Табиғат өртің байқаған жағдайда тез арада жақын жүрген адмдарды қауіпсіз жерге кетуін ескерту қажет. Міндетті түрде өрт мекен жайын орманды қорғау мекемесімен және өрт сөндіру бөлімінің мына телефондарына хабарлау керек 27-359, 101.