Майский район

Меню

Страницы

Статья

Жемқорлықпен күрес әркімнің ісі

Жемқорлық тек біздің елде ғана көрініс беретін құбылыс емес, ол әлем елдерінің бас ауруына айналған, түйіні тарқамаған түйткілді мәселе. Жең ұшынан жалғасқан осынау жемқорлық атты жегі құрт адамды отансүйгіштік, халқының қамын жеу, ел болашағы секілді адамгершілік қасиеттерінен жұрдай етіп, азғындатуға дейін алып баратын дертке айналғаны жасырын емес. Бүгінде жемқорлықтың алдын алу үшін түрлі сипатта жоспарлар жасалып, түп тамырына балта шабу мақсатында атқарылған қарқынды шараларға қарамастан әлі де ауық-ауық жаңғырығы жетіңп жатады. Дегенмен бұл мәселені шешу үшін жекелеген мемлекет, я болмаса жекелеген мемлекеттік органдардың ғана атқаратын шаруасы емес, елі үшін жаны ашитын әрбір азаматтың, көпшіліктің күнделікті адал өмір сүру ұстанымына айналмай түйіннің тарқауы мүмкін емес. Осыған орай елімізде «Өзіңнен баста!», «жариялылықты қолдайық!» тағы басқа бастамалар көтеріліп, айтарлықтай іс-шаралар да өз деңгейінде атқарылуда. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында дайындалған әрбір жоспардың ішінде Отанымыз Қазақстанды одан әрі гүлдендіру мәселесі әрдайым қылаң беріп отырады. Бүгінде халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығының арқасында еліміздің экономикасы өркендеп, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсаруда.

Ал халқымыздың ортақ мақсаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және түбірімен жою үшін тамырына балта шабуға атсалысу күн тәртібінен түспейтін мәселелердің қатарында болуы тиіс екендігі айтпаса да белгілі. Ендеше халықты кедейлікке алып баруы ықтимал жемқорлықпен күресу барысында әрдайым ашықтық принципін қолданып, еліміздің өркендеуіне үлес қосайық!

 

 

Май ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің

Дата публикации
04 мая 2023
Дата обновления
04 мая 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы