Майский район

Меню

Страницы

Статья

Сақ болыңыз! Су тасқыны!

Мұны әркім білу керек!

 

Су тасқыны - бұл су асты мұздарының жиналып сең бұзылуы, бөгеттердің аяқастынан бұзылуы, өзендердің тасқыны, қардың қарқынды еруі, өзен-көлдерде су деңгейінің көтерілуінің нәтижесінде жердің маңызды салаларын уақытша су басып кетуі. Тікелей су басып кету қаупі пайда болуына байланысты, судан материалдық құнды заттарды, елді мекендердің тұрғын және коммуналдық қорын қорғауға, құтқару және жедел апаттық жұмыстарда материалдық құралдардың қорын толтыруға, сонымен бірге жүзу құралдарын толық дайындыққа келтіру жұмыстарын өткізу үшін халықтың әр-түрлі категориясы, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық кәсіпорындарды, коммуналды-энергетикалық желілерді қатысады.

            Су тасқыны ықтимал ауданнан жергілікті халықты, ауыл шаруашылық және басқа материалдық құнды заттарды көшіру мен уақытында хабарлаудың зор маңызы бар.

            Казгидромет мағлұматтарына сәйкес табиғи төтенше жағдайлар туу мүмкіндігі жайлы сізді төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма ескертеді.

           

            Есте сақтаңыз! Электросиренаның „Барлықтарың назар аударыңыз” деген дабыл берілгенін белгілейді. Дабылды естісеңіз, радио, радиотрансляциялық, телевизиялық қабылдағыштарды іске қосыңыз, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жедел ақпаратын тыңдаңыз.

                       

Дайындық кезең.

Егер сіздің үйіңіз және аулаңыз гидрометеорологиялық болжамындағы су тасқыны болатын шекараға  түсетін болса, өзіңіздің үйіңізді, пәтеріңізді қорғап қалу мақсатында келесі ережелерді орындауыңыз қажет:

- Су басып кетуі мүмкіндігі  туған кезде болжамды жағдайды бағалап iс-әрекет жоспарын  ұйғарыңыз, қауіпсіз орын және жедел көшіру бағытын анықтаңыз.

-  Алдын ала  үш тәулікке  жететін ішетін су және азық мөлшерінің  қажетті қорын дайындаңыз.

- Сәйкес киім және аяқ киім, медициналық дәрі қоры, бірінші қажеттілік заттарын дайындаңыз.

-  Ақша, құжаттар, бағалы қағаздар мен заттарды үнемі дайындықта ұстаңыз.

- Ауладан ауыл  шаруашылық құрал-саймандарды алып тастаңыз, қол астыңыздағы  шаруашылықтың сақталуын қамтамасыз етіңіз,  мал азығын дайындаңыз, қауіпсіз орынды анықтаңыз.

-  Өзіңіздің үйіңізді, пәтеріңізді қорғау бойынша жұмыс жүргізіңіз, бағалы заттарды, күнделікті қолданыстағы заттарды үйдің шатырына, жоғары қабаттарына көшіріңіз.

-  Қауіпсіз жер және жедел көшіру бағытын қайталап анықтаңыз. - --  Қажетті қарапайым жүзу  құралдарын дайындаңыз.

 

Судың дүркін лақтырысы және деңгейінің кенеттен көтерілуі, мол толқын ағыны жағдайында:

-  Үрейленбей, шапшаң, мақсатты қимылдаңыз.

-  Суды, газды, электр құралдарын, отты және пешті сөндіріңіз.

- Терезе және есіктерді жабыңыз, мүмкіндігіңізше тақтай немесе фанерамен шегелеп тастаңыз.

- Үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шараларды қолданыңыз, есік-қақпаларды ашыңыз, оларды шешіп жіберіңіз.

- Лайықты резеңкеленген киім киіңіз, құжаттарды алыңыз, ақша, бағалы қағаздар, ішетін су  қорын, азық, медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын, бірінші қажеттілік заттарын алып, жедел ғимараттан шығыңыз.

- Су тасқыны ауданынан жеделдетіп кетуге тырысыңыз, егер бұл әрекетіңіз іске аспаса, су тасқыны ауданынан немесе одан алшақтау қауіпсіз орын табыңыз.

- Қоласты жүзу құралдарын пайдаланып қауіпсіз жерге көшіңіз, немесе үйдің, ғимараттың жоғарғы қабаттарына мініңіз.

 

 

Май  ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

Дата публикации
27 февраля 2023
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы