Майский район

Меню

Страницы

Статья

"Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі " ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

 «Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ-сы 2022 жылы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетті.

2022 жылы халыққа барлығы  182  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бөлім ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында бөлім  ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 48 адам мемлекеттік қызмет алды.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы