ҚР "өсімдіктер карантині туралы" Заңы бойынша - карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) – карантинге жатқызылған өнімнің тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет карантиндік объектілердің (карантиндік зиянды организмдердің) тасымалдаушысы болуы және (немесе) олардың таралуына ықпал етуі мүмкін өсімдіктер, өсімдіктен алынған өнім, ыдыс, буып-түю, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар.
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі Ереженің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес
п 8. - карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен бекітілген өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден бос әкелінеді.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пункттерінде қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
9 т. әкелінетін карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамдарда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және жүк көлік құралдарының басқа да түрлерінде тасымалданады.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесін (бұдан әрі – аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші)) карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен келгені туралы хабардар етеді және карантинге жатқызылған өнімді межелі, жеткізілетін жерде карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Карантинге жатқызылған өнім мен көлік құралдарын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау "өсімдіктер карантині туралы"ҚР Заңының 7-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
«ҚР АШМ АӨК МИК Май ААИ» ММ