Май ауданының «Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 2/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес осы Май ауданы шешім жобасы әзірленді.

         Май ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекіту туралы» шешім жобасының мақсаты, халықа әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.

         Шешім жобасы қаржылық шығындарды болжайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15793529

 

 

Дата публикации
31 марта 2026