Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне тікелей қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Ол заңның үстемдігін әлсіретіп, әділеттілік қағидаттарын бұзады және елдің экономикалық, саяси дамуын тежейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және оған мүлдем төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру – мемлекеттің де, әрбір азаматтың да ортақ міндеті.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны анықтау және жолын кесу тетіктерін айқындайды. Бұл заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын орнықтыру.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы шебінде тұр. Оларға жоғары моральдық талаптар қойылады. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалану, сыйлықтар алу, мүдделер қақтығысына жол беру – мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын қатаң сақтап, жеке үлгісі арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен есептілік маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, шешім қабылдау рәсімдерінің жариялылығы, азаматтардың өтініштерімен тиімді жұмыс істеу – жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің тиімді құралдары. Сонымен қатар, қоғамдық бақылау мен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі де бұл бағыттағы маңызды фактор болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Әрбір азамат заңсыз әрекеттерге төзбеушілік танытып, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. «Ұсақ» жемқорлыққа көз жұма қарау да үлкен заңбұзушылықтарға жол ашады. Сондықтан қоғамда «пара беру – мәселені шешудің жолы емес» деген берік ұстаным қалыптасуы тиіс.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ұзақ мерзімді әрі кешенді үдеріс. Ол заңнаманы жетілдіруді, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды және ең бастысы – қоғамның санасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін орнықтыруды талап етеді. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз әділ, ашық және құқық үстемдігі орнаған мемлекет құра аламыз.
«Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы» ММ