Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2025 жылғы 04 қарашада сағат 18.00-де Май ауданы Ақшиман ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы  4 кандидат, барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік – 4 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 09 қарашада сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Май аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
04 ноября 2025