Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы
ХАБАРЛАМА
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 11-тармағының 8) тармақшасына, 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 09 қазанда Баскөл ауылдық округі әкіміне кандидат А.К.Айдаровтың өз кандидатурасын алып тастау туралы келіп түскен өтініші негізінде, Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Баскөл ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеу туралы 2025 жылғы 19 қыркүйектегі шешімнің күшін жойды.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы